Алматыда Қазақстан мен Қытай өңіраралық ынтымақтастығының II форумы өтуде.

Форум тақырыбы - «Өнеркәсіптік кооперация». Мақсаты - өнеркәсіптік кооперация, инвестицияларды тарту және Қазақстанның экспорттық әлеуетін іске асыру бағытындағы Қазақстан мен Қытайдың өңіраралық және шекарамаңы ынтымақтастығын дамыту.

«Іскерлік байланыстарды дамыту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды, қытайлық бизнес өкілдеріне визалық рәсімдер жеңілдетілді. Ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін өнеркәсіптік кооперацияны белсенді дамыту қажет деп санаймын. Бүгінгі таңда біз ынтымақтастығымыздың жемісін көріп отырмыз. ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі келісім аясында 27 млрд долларға 55 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде өткен үш жылда 12 жоба жүзеге асырылды», - деді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Әлихан Смайылов.

Ол сондай-ақ, соңғы үш жылда Қазақстанға 300 мыңнан астам қытай турисі келгенін, өз кезегінде Қытайға Қазақстаннан 500 мыңнан астам турист барғанын атап өтті. Қытай тарапынан форумға ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері Хань Чжэнао қатысуда.

Форум Қазақстан мен Қытай өңірлерінде байланыс орнатуға және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді. Форум аясында индустрияландыру және инвестициялар, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларын жетілдіруге арналған 3 панельдік сессия өтеді.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 15 мамыр 2019

Мұрағат

Мамыр
2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту