Елордада ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Кипрдің Сыртқы істер министрі Никос Христодулидиспен кездесті.

«Бүгін біз ашықтық пен өзара түсіністік рухында Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Никос Христодулидиспен өте табысты келіссөздерді өткіздік. Келіссөздер барысында біз екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқыладық. Саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда нақты жоспарларды белгіледік. Сондай-ақ, халықаралық аренадағы өзара іс-қимылдың ортақ ұстанымдарына қол жеткіздік», - деді Бейбіт Атамқұлов кездесуден кейін тілшілер үшін өткізген жиында.

Ведомство басшысы өз сөзінде Қазақстан Кипрді дәстүрлі түрде Оңтүстік Еуропа аймағындағы маңызды серіктестердің бірі санайтынын атап өтті.

«Біз өзара саяси іс-қимылымызды одан ары тереңдетуге деген ұстанымымызды растаймыз. Никосия Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы, БҰҰ-дағы және басқа да халықаралық алаңдардағы халықаралық және аймақтық бастамаларын тұрақты негізде қолдайды», - деді ол.

Министрдің айтуынша, екі ел арасындағы әріптестіктің әлеуеті мол бағыттары ретінде энергетика саласы, құрылыс, инновация, азық-түлік өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, туримз салалары болып саналады.

«Қазақстан-Кипр қарым-қатынастарының спектрі біз қозғаған мәселелермен шектеліп қалмайды. Біздің қол жеткізген уағдаластықтарымыз өзара ынтымақ үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін», - деп түйді Бейбіт Атамқұлов.

Өз кезегінде Кипрдің Сыртқы істер министрі Никос Христодулидис Қазақстан тарапымен қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандумдар екі елдің арасындағы диалогты жақсарта түсетінін атап өтті.

«Ортақ мүдде үшін бұл меморандумдардың маңызы зор. Бүгінгі күні мен әріптесіме әртүрлі саладағы қарым-қатынасты нығайту үшін арнайы жол картасын әзірлеуді ұсындым. Әріптесім қолдап отыр. Екіжақты қарым-қатынас жасаудың мол әлеуеті бар», - дейді Кипр министрі.

Кездесу соңында екі елдің министрлері ынтымақтастық және екіжақты саяси кеңес туралы меморандумға қол қойды. Ал кешке ҚР пен КР Үкіметтерінің екі жақты салық салуды болдырмау, салықтан жалтаруды алдын алу туралы Конвенциясына қол қойылады.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 15 мамыр 2019

Мұрағат

Мамыр
2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту